Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н.Назарбаев мүлкін жария еткен қазақстандықтарға дербес құқықтық кепілдеме берді

Н.Назарбаев мүлкін жария еткен қазақстандықтарға дербес құқықтық кепілдеме берді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мүлікті жария ету шарасы қазақстандықтарға тыныш өмір сүруге мүмкіндік береді деп есептейді.

"Жария ету - осыған дейін болғанның барлығын ашудың соңғы мүмкіндігі, осында (Қазақстанға) ақшаны әкеліп, тыныш өмір сүру. 2 жылдан кейін 17,5 млн адамның шығындары мен табыстар декларациясы болады. Сол кезде өте қиын сұрақ туындайды. Өздеріңіз ешнәрсені "тығып қалуға" болмайтындығын көріп отырсыздар. Ешнәрсені! Жақында ғана HSBC банкі сол жерде ақшасын ұстайтын 100 мың адамның тізімін жариялады. Демек барлығын да білуге болады",-деді ол Астанада өткен "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс XVI съездінде.

"Шекара сыртынды біздің Отанымыз жоқ, бізді ешкім жақсы көрмейді, ешкім күтпейді. Барлығы да осы жерде. Ақша көп жерде бақыт болмайды. Егер халық аман-есен болса, елде тыныштық болса, сол кезде бақыт тұрақтайды", - деп атап өтті президент.

"Біз кәсіпкерлерге түсіндіруіміз қажет. Қараңдар, осыған дейінгі жария ету акцияларында ешкімді жазалаған жоқпыз ғой? (...) Мен тағы да кепілдік беремін. Ақшаларыңды Қазақстанға әкеліңдер, олар бізге жұмыс істесін", - деп қорытындылады президент Н.Назарбаев.

Айта кетейік, жеке мүлкі мен капиталын жария ету акциясы өткен жылдың 1 қыркүйегінде басталды, енді 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

Похожие материалы