Назарбаев неміс кәсіпкерлерімен кездесуден жеңіспен шықты, Путин...
Кеше Ресей Президентінің Сочидегі резиденциясында Владимир Путин мен Қазақстан Президенті Н.Назарбаев неміс кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесу тек Ресей президенті мен кәсіпкерлер арасында болуы керек еді, алайда Қазақ Президенті де қатысқан.
kommersant.ru-дың арнайы тілшісі Андрей Колесников «Н.Назарбаевтың шеберлігі соншалық, кездесуге келгендер Путиннің барын ұмытып кете жаздады» деп жазды «Неміс бизнесін басқа жаққа бұрып кетті. Владимир Путин әрең дегенде кері қайтарды», атты мақаласында. Оның жазуынша кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев неміс бизнесін өз елінің экономикасына енгізу үшін өте белсенді әрекет жасады.
Кездесуге Bauer, Linde, Nord Stream, Knauf, Claas, Siemens, Schaeffler, Wintershall сынды алпауыттармен бірге оншақты компанияның басшылары келген.
Бұған дейін Қазақ Президентімен кездесіп, сәл кешігіп келген Путин Германиямен сауда қатынасында аздаған өзгеріс болғанын айтты. Биылға дейін немістер сауда бойынша Ресей экономикасында бірінші орында болып келген, биылдан бастап Қытайға жол беріп, екінші орынға ығысыпты. Бірақ бұған қарамастан 2017 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 25% өскен.
Ресейлік журналистің жазуынша Путиннің сөзіндегі ең басты жаңалық осы ғана сияқты болды. Бұдан кейін сөз кезегін Нұрсұлтан Назарбаевқа берген. «Оның сөзі шынымен жарқын болды», дейді орыс журналисті.
Назарбаев Путинге германиялық кәсіпкерлермен неміс тілінде сөйлеспегені үшін алғыс айтудан бастаған, «өйткені мен ештеме түсінбес едім» депті Қазақ Президенті. Бұдан кейін залда жылулық пайда болып, жиналғандар күлімсірей бастаған. Жұрттың жүзіне жылу ұялатып алған соң, Н.Назарбаев нақты цирфларды сөйлеткен. Қазақстанда 900 неміс компаниясы құрылыс, көлік, байланыс, ауылшаруашылығы, мультитранспорттық дәліз бойынша жұмыс істейді. Қазақстандабизнес үшін қолайлы жағдай жасалуда, өткен жылы Дүниежүзілік банктің инвестициялық тартымдылық бойынша рейтингінде 39 орынға тұрақтаған. Сөз арасында «Квотасыз, шешімсіз», «Жекешелендірудің екінші кезеңі», «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің ерешек мүмкіндігі» деген сияқты сөздер жииі айтылған.
«Қазақстан Президенті жиналғандардың алдында соңғы және бірінші рет таныстыруға мүмкіндік беріліп тұрғандай жарқын, қатаң және аздап қобалжулы түрде өз елінің кең ауқымды таныстырылымын жасады. Маған Владимир Путин әріптесін осы кездесуге шақырғанына өкініп қалғандай көрінді. Владимир Путин өзіне қатысы жоқ мерекеде отырғандай көрінді. Ал Нұрсұлтан Назарбаев неміс кәсіпкерлеріне таңдауға жол қалдырмастан ақпарат берумен болды. Келесі жылы тәуелсіз арбитраждық соты бар Халықаралық қаржы орталығы ашылады...Бізде кедендік кедергілер жоқ. Бізде адамдар мен капиталдың еркін айналымы бар. Қаншама мүмкіндік барын сезесіздер ме?!,- деді Назарбаев», деп жазады Ресейлік журналист.
Бұдан кейін кезек неміс экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы Вольфганг Бюхелге берілген. Оның көмегімен неміс кәсіпкерлері бірнеше минуттың ішінде Владимир Путиннің «айналасына жиналды». Сөз соңында ол Путинге Германия құрамасының 9 нөмірлі шабулшысының футболкасын сыйлаған.
Ресейлік журналист «бұл неміс кәсіпкерлері ресей президенті өз еліне қарсы «ойнайды» деген емеурін» дейді.
Ол сондай-ақ «бұл кездесу Н.Назарбаев қатысқанның арқасында көңілді, тіпті мағыналы болып шықты. Тіпті қалжың да айтылды», деп жазады.
Кездесу аяқталған соң Путин Назарбаевпен ұзақ уақыт оңаша қалып, әңгімелескен. Бұдан кейін өз жоспарын өте сәтті орындаған Н.Назарбаев болса қазақстандық журналистерге сұхбат беруге кеткен.