Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н.Назарбаев пен А. Атамбаев кедендік бақылауды алып тастау рәсіміне қатысты

Н.Назарбаев пен  А. Атамбаев кедендік бақылауды алып тастау рәсіміне қатысты

Қазақстан Республикасының «Қордай» және Қырғыз Республикасының «Ақжол» кеден бекеттерінде екі елдің Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаевтың қатысуымен қазақстандық-қырғыз шекара учаскесінде тауарларға және көлік құралдарына кеден бақылауды алып тастаудың ресми салтанаты өтті.

Шара Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қосылуы аясында жүзеге асты. Шекарада кедендік бақылауды алып тастау әкімшілік кедергілерді жоюға мүмкіндік береді, сонымен бірге өзара тауар айналымын ұлғайтады. Қазіргі кезде мемлекеттік шекараның қазақстандық-қырғыз учаскесінде өткізу бекеттері жаңа жағдайда жұмыс жасауға әзір. Қазақстан мен Қырғызстан басшылары Шолпан-Атада Ш.Айтматов атындағы «Рух-Ордо» мәдениет орталығының аумағында ұйымдастырылған онлайн-трансляция арқылы бақылады. Кедендік бақылауды алып тастау рәсіміне ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Премьер-Министрі Темір Сариев тікелей қатысты. Бүгін Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы шарт күшіне енді. Қырғызстан Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресеймен қатар ЕАЭО-ның бесінші мүшесі болып отыр. ЕАЭО барлық мүше-мемлекеттері республиканың одаққа қосылуы туралы шартты ратификациялауды келісу үдерісін аяқтады. ҚазАқпарат

Похожие материалы