Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н.Назарбаев теңгенің еркін айналымға көшу себебін түсіндірді

Н.Назарбаев теңгенің еркін айналымға көшу себебін түсіндірді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев теңгенің еркін айналымға көшу себебін түсіндірді.

"Еуроодақты қосқанда көптеген елдер өздерінің валюталарының құнсыздануын жүргізген. Қазір экономикада қиын жағдай орын алды. Кәсіпорындарымыздың бәсекеге қабілеттілігі төмендеп, ол еңбек нарығына да ықпал етіп жатыр. "Атамекен" ұлттық палатасының мәліметінше, көптеген кәсіпорындар Ресейге баратын экспорттың төмендеуіне тап болды. Сондай-ақ оларды қазақстандық нарықтан ресейлік өндірушілер ығыстырып жатыр. Маған келіп түскен хаттардан бірнешеуін ғана оқиын. Кентаулық зауыт Ресейге баратын өндірісін 47 пайызға қысқартты, 50 қызметкерін жұмысынан босаған. Алматы ашытқы зауыты жұмыс көлемін 50 пайызға төмендетті. Қазақстанда мұндай мысалдар өте көп. Қазір бюджет жағдайының нашарлағанын да көріп отырмыз. 2015 жылы қазына 264 млрд теңге көлеміндегі табыстан айырылды", - деді Н.Назарбаев Ақордадағы жиналыс кезінде. Оның сөзінше, елдің 3 мүмкіндігі бар, соның ішінде теңге курсын еркіне жіберу ыңғайлы болды. "Біздің 3 мүмкіндігіміз бар еді: ештеңе істеместен құр отырып, жағдайдың жақсарғанын күту. Бірақ мұндай саясат бізді елдің ішкі өндірісінің қысқаруына, жұмыс орындарының азаюына және ұлттық қорымызды жұмсауға әкелер еді. Екінші нұсқа - теңге курсын Ұлттық банк енгізген дәліз аясында құнсыздандыру. Бұл бағытта алтын-валюталы қордың шығындалуына әкеліп соқтырады. Сондықтан барлық мүмкіндіктерімізді саралай отырып, теңге курсын еркіне жіберіп, инфляциялық таргеттеуге өту қажет деп шештік. Тікесін айту керек - бұл  мәжбүрлік шара, басқа альтернатива болған жоқ. Дағдарыс әрқашанда өзінің өзгерісін енгізеді", - деп атап өтті президент. Еске салайық, 20 тамыздан бастап инфляциялық шектеу негізінде жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруға көшіп, шекті валюта дәлізі алынып тасталады. Қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллар бағамы 251/253 теңге көлемінде тұрақталды.

Похожие материалы