Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н.Назарбаев - Жекеменшік банктерді мемлекет есебінен қаржыландыруды тоқтату керек

Н.Назарбаев - Жекеменшік банктерді мемлекет есебінен қаржыландыруды тоқтату керек

Астана. 4 қыркүйек. 7kun.kz - Бүгін алтыншы шақырылған ҚР Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жекеменшік банктерді мемлекет есебінен қаржыландыруды тоқтату керек деді.

«Банктердің барлығы да жекеменшік. Жұмыс істегенімен, жетекке алуға тура келетіндей жағдайға түсті. Енді мемлекет тағы қаржыландыруда. Мұны тоқтату керек, ең дұрысы бұл банктерді жойып, оларға төлегенше өзімізге алған жөн. Өзі жұмыс істеп, пайда тауып отырған жекеменшіктерді біз не үшін субсидиялауға тиіспіз? Қазір басқа жүйе. Барлығы да егер сен жекеменшік болсаң, онда толықтай өзің жауап беретіндігін түсіну қажет. Банкрот па - онда банкрот, тиімді жұмыс істей алмайсың деген сөз. Дәл осы жолға түсейік. Өйткені, бізде басқа жол жоқ», - деді Президент.

Похожие материалы