Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н.Назарбаев: Жерді шетелдіктерге сату туралы қауесет таратқандарды жазалау қажет

Н.Назарбаев: Жерді шетелдіктерге сату туралы қауесет таратқандарды жазалау қажет

Жер кодексіндегі өзгерістерге қатысты халыққа қате пікір таратқан арандатушыларды анықтау қажет. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай тапсырма берді. 

"Мен тағы да айтамын. Ауыл шаруашылық жерлерін шетелдік азаматтарға және компанияларға сату туралы мәселе талқыланбайды. Бұл тақырыпқа қатысты барлық қауесет жалған. Арандатушылар анықталып, елдің заңы бойынша жазасын алуы қажет", -деді ол Қазақстан халықтары Ассамблеясының XXIV-сессиясында.
Н.Назарбаевтың атап өтуінше, "жерді жалға алып отырған ЖШС сырттан шетелдік инвестор шақырып, өз акцияларын ұсынса оның иелегіндегі жер бірден жалға алынған болып есептеледі". "Мәселе бүгінгі фермерлерімізге, шаруаларымызға жерді жекеменшігіне иелене алатындай мүмкіндік беруімізде. Жалға беру мерзімі - 10 жыл еді, 10 жылда ешкім өз ақшасын қайтара алмайды, әсіресе, шетелдік инвесторлар. Сондықтан 25 жылға дейін ұзарттық. Ресейде 49 жыл, Иранда 99 жыл, Еуропада да 25, 49, 99 жыл. Бұдан соншалықты не көрінді?", -деді Президент. Оның сөзінше, "шулап отырғандар тракторынан түсіп не аттарын қалдырып келген қойшылар емес. Ал ауыл шаруашылығы туралы ештеңе түсінбейтін және ол жерлердің қайда екенін білмейтіндер". Оның атап өтуінше, Жер кодексіндегі өзгерістер "ол жермен айналысатындарға" жеңілдік ұсынады. "Жер- ата-бабамыз қалдырған біздің басты байлығымыз, халқымыздың ұлы мұрасы. Қазақ жері қазақ халқына тиесілі", -деп қорытындылады Президент.

Похожие материалы