Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назарбаев біз неге арабтар сияқты өмір сүрмейміз деген сұраққа жауап берді

Назарбаев біз неге арабтар сияқты өмір сүрмейміз деген сұраққа жауап берді

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі өмір сүру деңгейі мен әлемнің дамыған елдері арасындағы өмір сүру деңгейінің айырмашылықтары жөнінде түсіндірді.

"Кейбіреулер неге қазақстандықтар Батыс Еуропа мен Араб Әмірліктері немесе Америкадағыдай өмір сүрмейді деп сұрақ қояды. Біздің экономикамыз бен өмірімізге әсер ететін қарапайым бірнеше факторлар бар. Ол - біздің климатымыз, теңізге шығу мүмкіндігінің жоқтығы, біздің тарихи және мәдени дамуымыз. Осы уақытқа дейінгі жылдар бойы біз көптеген обьективті жағдайларға қарамастан алға жылжып келеміз", -деп мәлімдеді Президент "Ұлт лидерімен жаңа жеңістерге" атты жастар форумында.

Елдің дамуына әсер ететін факторлардың бірі - географиясы мен климаты деп атап өтті ол. Мысалы, Батыс Еуропа, Аустралия, АҚШ, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, БАӘ және басқа елдер қолайлы жағдайда орналасқан.

"Ол жақта біздікі тәрізді аязды қыстар болмайды. Олардың барлығында экспортқа шығатын жүкті тасымалдауға мүмкіндік беретін теңіз бен мұхитқа шығу жолдары бар. Тасымалдау құны арзан және жылдам болады. Экономикалық даму аязды жақтырмайды, жылы, жайлы климатты қалайды. Мысалғы, Астанада 10 қабатты үй салу Малайзияға қарағанда 10 есе қымбатырақ. Біздің қабырғаларымыздың екі метрдей қалыңдығы болу керек, жылыту қажет. Олар жай ағаш қораптарға үй салады. Салыстыру үшін, Германиядағы жылдық орташа температура +20, Жапонияда +16, АҚШ-та +15, Малайзияда +25. Біздің экономикамыз қалыптасатын маңызды қалалардағы орташа температура бар болғаны +2,5. Ал олар қазақстандық тауарлардың үлкен бөлігі өндірілетін біздің негізгі орталықтарымыз болып есептеледі", - деп түсіндірді Назарбаев.

"Біздің экономикамыз энергияны көп жұмсайды. ТОП-30 қатарына кіретін жылы елдерде зауыт салу үшін құрылғыларды қарапайым ангармен жапса, ал өзгелеріне қатырма қабырға қойып, асфальт төсесе жетіп жатыр. Біздің барлық өнеркәсібімізді, барлық қалаларымыз, аудандарымыз бен ауылдарымызды жылына жеті ай жылытып отыру қажет. Бұл өте үлкен жұмыс. Ал адамдарға әлі жылы киім сатып алу, баспананы жылыту, калориялы тағам пайдалану керек", -  деп атап өтті ол.

Мемлекет басшысы Канаданы мысалға келтірді. Ондағы аз адам қоныстанған солтүстік ауданға баратын оңтүстік аудан тұрғындарын батыр деп біледі деді ол. "Егер ол мысалды бізге әкелсек, Қазақстанда 17 миллион батыр тұрады. Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы осындай. Біздің  жылы көктеміміз, ыстық жазымыз, әдемі күзіміз, аппақ қысымыз бар. Біз үшін жер бетінде Қазақстаннан басқа жұмақ жоқ", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Похожие материалы