Халықаралық Standard & Poor's рейтинг агенттігі қазақстандық "Нұрбанк" АҚ-ның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін "B/B" деңгейінде белгіледі деп хабарлайды агенттік. Рейтинг өзгеру болжамы - "тұрақты". Сондай-ақ банктің ұлттық көрсеткіштегі рейтингі "kzBB+" деңгейінде нақтыланды.
Сарапшылардың пікірінше, Нұрбанк рейтингінің нақтылануы банктің проблемалы активтермен және құрылыс, тұрғын-үй саласын несиелендіру кезіндегі тәуекелдерді төмендету кезіндегі тиімді жұмыс істей білуіне байланысты болып отыр.
Рейтингпен бірге банктің ішкі ресурстар есебінен капиталды құру қабілеті тиімсіз болуына байланысты табыс деңгейі қажетті деңгейде емес болғандықтан, өткен жылғы көрсеткіштер төмендеп бара жатыр. Дегенмен, 2015-2016 жылдары Нұрбанктің каптиализациясы "қалыпты" күйінде қалады деп күтілуде.
Егер проблемалы несиелер көлеміндегі позитивті тренд негативке ауысса, 2011 жылдан кейін несиелік портфелде болған проблемалы активтер көлемі ұлғайса, жалпы рейтингте "негативті" деңгейге ауысуы мүмкін. 2015 жылдағы экономикалық өсу преспективалары мен ұлттық теңгенің қауқарын есептегенде рейтингтің 12-18 ай ішінде позитивті әрекеті болуы күмән туғызады, ал бұл Нұрбанктің қаржылай көрсеткіштерінің жақсаруына әсер ете алмайды делінген баспасөз-баяндамасында.
Мемлекеттік қаржылай бақылаудың мәліметі бойынша, 2014 жылдың қорытындысында Нұрбанк 38 қазақстандық банктің арасында актив көлемі бойынша 14-орынға тұрақтаған.