"Нұрбанк" топ-менеджерлерінің өліміне байланысты Венада сот процесі басталды
Венадағы қылмыстық істер жөніндегі сотта ұрланып, өлтірілген қазақстандық банкирлер Жолдас Тимралиев пен Айбар Хасеновтың ісіне байланысты сот процесі басталды деп хабарлайды Австралиялық ақпараттық агенттік.
Рахат Әлиев қайтыс болғаннан кейін екі кісінің өлімі үшін сот алдында оның сыбайластары Әлнұр Мұсаев пен Вадим Кошляк жауап беретін болады. Төарағалық етуші сот Андреас Бем сот залына 16 алқа биді шақырды. Олар процестің соңында айыпталушылардың кінәлілігі немесе кінәсіздігі жөнінде шешім шығаруы қажет. Алқа билердің бірі денсаулығына байланысты сот процесіне қатысудан шеттетілді.
"Процесс жоғары деңгейдегі қауіпсіздік шаралары жағдайында басталды. Сот залының алдында жылжымалы қауіпсіздік шлюздері орнатылды, әр қатысушы залға кірерден сол жерде өтуі қажет. Айыпталушылар орындығы бірнеше әскеримен қорғалып тұр", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанның Австриядағы экс-елшісі Р.Әлиев 24 ақпанда австралиялық түрмеден өлі күйінде табылды. Австриялық БАҚ-тың мәліметінше, сарапшылар Р.Әлиевтің өз-өзін өлтірді деген ақпаратты растады.