Экономика
Нұрбанкте кадрлық ауыстырулар болды
Нұрбанктің басқарма төрағасы болып Қайрат Тұрмағамбетов тағайындалды. Бұл туралы LS хабарлайды.
Қазақстан қор биржасының ақпараты бойынша, Тұрмағамбетов 2015 жылдың 1-қазанынан бастап жаңа лауазымға ие болды. Осыған дейін ол осы қаржы институтының басқарма төрағасының орынбасары болған еді.
Айта кетейік, басқарма төрағасы Қаңтар Орынбаев қызметінен өз еркімен кеткен. "Нұрбанк" АҚ директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, банктің басқарма төрағасының міндетін 2015 жылдың 4 тамызынан бастап, бұған дейін басқарма төрағасының орынбасары болған Сәкен Ахметов атқарып келді.