ҚР Орталық сайлау комиссиясы Нұрлан Нығматулинді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді. Бұл туралы ОСК таратқан ресми хабарламада айтылған.
"Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутатының босаған мандаты «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинге берілсін", - делінген таратылған хабарламада.
Айта кетейік, Нұрлан Нығматулин бұған дейін Президент әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарды. Ал ҚР Президентінің Нығматулинді отставкаға жіберу туралы Жарлығы әлі жарияланған жоқ.