Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нұрлан Смағұлов MEGA құрылысы үшін алған қарызын уақытынан бұрын қайтарады

Нұрлан Смағұлов MEGA құрылысы үшін алған қарызын уақытынан бұрын қайтарады

Астана. 8 желтоқсан. 7kun.kz - Нұрлан Смағұлов MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығының құрылысы үшін Қазақстан даму банкінен (ҚДБ) алған борышын уақытынан бұрын өтеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚДБ-ның төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді.

«Нұрлан Смағұлов Астанадағы MEGA-ның құрылысына қарыз берген ҚДБ-ның борышын уақытынан бұрын өтемек. Және бұған экономикалық, қаржылық факторлар емес, осыған қатысты қойылып жатқан сұрақтар әсер етті. Смағұлов өз компаниясының жаман атты болғанын қаламайды", - дейді ол. Еске салайық, 8 тамызда  «Қазақстан даму банкі» Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алған қаражат «ЭКСПО-2017» аумағындағы объектілердің құрылысын қаржыландыруға жұмсайтындығы белгілі болды. Кейінірек, «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы бізге артық ақша қажет емес, ал ол объектілердің компанияға да тікелей қатысы жоқ деп жариялады. Ұлттық жинақтаушы қордың қаржысы жұмсалатын инвестициялық жобалардың бірі ретінде компанияның қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов MEGA сауда орталығын айтады. Астанадағы «ЭКСПО-2017» аумағындағы Mega Silk Way сауда орталығының құрылысына қажет қаржы компанияның өз есебінен және кепілдігі бар, нарық жағдайында қайта қайтарылуы тиіс ретінде «Бәйтерек Девелопмент» АҚ-дан алынған. Бірақ сауда кешенінің басқармасы нақты қанша қаржы алынғанын жариялаудан бас тартты. «Қаржы көлемі туралы ақпарат және қаржыландыру шарттары құпия және келісім-шартқа байланысты оны жариялай алмаймыз. Толық ақпаратты «Бәйтерек Девелопмент» АҚ-дан ала аласыздар», -деген департаменттен.

Похожие материалы