Экономика
"Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы ЖІӨ-ді 7%-ға көбейтуге болады
Астана. 12 желтоқсан. 7kun.kz - "Мемлекеттік "Нұрлы жер" тұрғын-үй бағдарламасын орындау арқылы ЖІӨ өсімін 7,7 пайызға өсіруге болады. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді.
"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша, 1,5 млн-нан астам тұрғын үй салынуы қажет. Олардың 274 мыңы 2017-2019 жылдар аралығында пайда болады", - деп мәлімдеді Қуандық Бишімбаев "Нұрлы жер" концепциясын таныстыру кезінде.
Оның мәлімдеуінше, бағдарламаны қаржыландыруға 1,8 трлн теңге бөлінуі керек. Олардың 375 млрд-ы атқарушы органдардың жалдамалы тұрғын-үй қорын құруға, 70 млрд теңге - ипотеканы қайта қаржыландыруға, 33 млрд теңге құрылысшылардың қарызын субсидиялауға, 120 млрд теңге кредитті тұрғын-үйді қайта сатып алу жүйесін қаржыландыруға және 1 200 млрд инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін бөлінеді.
"Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде ЖІӨ өсімін 7,7 пайыздық пунктіге көтеруге мүмкіндік бар. Жыл сайын 25 мың жаңа жұмыс орны құрылып, қазынаға 531 млрд теңге көлемінде салықтық түсімдер баруы қажет", - деді ол.