Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша құрылыс компаниясына алғашқы субсидия берілді

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша құрылыс компаниясына алғашқы субсидия берілді

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz - «Соллерс» ЖШС құрылыс компаниясы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша субсидия алды. 14 пайыздық жылдық мөлшерлеменің 7 пайызын «Даму» Қоры субсидиялайды. Бұл туралы "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Несие «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы алынады. 400 млн теңге 3 жыл мерзімге берілді. Компанияның өз қаражаты 102 млн теңге, жобаның жалпы құны 502 млн теңге.

Бөлінген қаржыға құрылыс компаниясы Ақтөбеде жалпы аумағы 3 мың 771 шаршы метр (54 пәтер) болатын 9 қабатты тұрғын үй кешенін салады. Жаңа кешеннің 27 пәтері «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» салымшыларына шектеулі бағамен беріледі. Бұл «Нұрлы жер» бағдарламасы, «Сбербанк» АҚ ЕБ және «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ арасындағы талап бойынша жүзеге асады. Осылайша, құрылыс аяқталған соң банк салымшылары шаршы метрі 140 мың теңге болатын пәтерлерге қол жеткізе алады. Жаңа тұрғын үй кешені 2017 жылы 15 тамызда пайдалануға беріледі.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бағыттарының бірі – жеке компанияларды құрылыс жұмыстарын жүргізуге ынталандыру. Есесіне екінші деңгейлі банк несиесінің сыйақы мөлшерлемесі субсидияланады. Бұл - халықтың қол жетімді пәтерге ие болуына мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов.

«Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында тұрғын-үй  құрылысы саласы мен ипотекалық несиелеу нарығында оң өзгерістер байқалады.  Біздің банк Қазақстан үшін әлеуметтік маңызы жоғары болып тұрған осы бағдарлама бойынша жұмыстарын жеделдетті. Мұнымен қатар, бағдарламаны жүзеге асыру – ел экономикасын көтеруге көмектеседі. Себебі өндірістегі бір жұмыс орны айналасына жеті жұмыс орнының ашылуына сеп болады», - деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасы Александр Камалов.

Похожие материалы