Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Нұрлы жер" бағдарламасына бөлінген 120,1 млрд теңгенің 89,7 пайызы игерілді

"Нұрлы жер" бағдарламасына бөлінген 120,1 млрд теңгенің 89,7 пайызы игерілді
Алматы. 16 қараша. 7kun.kz - 2017 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 120,1 млрд. теңге бөлінді. Оның 88,3 млрд теңгесі өңірлерге аударылды. 10 айдың қорытындысы бойынша қаржының 79,2 млрд теңгесі игерілген. Бүгінде бұл тиісті соманың 89,7%-ын құрап отыр. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  «8,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,5 пайызға артық. Бағдарламаның жылдық жоспарына орай тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 87 пайызға орындалды. Барлығы 69,9 мың баспана салынды»,-деп атап өтті Мархабат Жайымбетов. Оның айтуынша, қазір тұрғын үйлерді пайдалануға беру еліміздің 15 өңірінде қарқынды жүргізіліп келеді. Бұлардың ішінде көш басында тұрған Маңғыстау (464,2 мың ш.м), Алматы (387,3 мыш ш.м), Қызылорда (381,3 мың ш.м) және Атырау (373,6 мың ш.м) облыстары. Аталған аймақтар жеке тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша да алда келеді. «Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша биыл әкімдіктерге 25 млрд теңге бөлінді (20,4 млрд тенге аударылды, 93,7 пайыз немесе 19,1 млрд теңге игерілді). Нәтижесінде 6 мыңға жуық пәтердің құрылысы басталды. Оның жартысы биыл тапсырылатын болады. Бұл бағыт баспана сатып алуға мүмкіндіктері жоқ әлеуметтік әлсіз топтарды арендалық баспанамен қамтамасыз етуге арналған. Оларға мемлекет арендалық пәтер береді. Бұл сатып алу құқығынсыз берілетін тегін баспана. Әлеуметтік тұрғын үйдің төлемі 1 шаршы метріне шамамен 100 теңгеден келеді», - деді комитет төрағасы. Екінші бағыт жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған. Бүгінде 60 мың жер учаскесіне желілер тартылып жатыр. Жалпы жыл сайын аталған жұмыстарды жүргізу үшін 80 млрд теңге бөлу көзделген. Бұдан бөлек, қазір еліміздің 6 облысының орталығында бірыңғай сәулет стилінде 1975 жеке үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін оның 362-сі қолданысқа беріледі деп күтілуде (Ақтөбе, Қостанай, Алматы, СҚО-да). Сондай-ақ, 10 айдың қорытындысы бойынша жоспарланған 15 мың кредиттік пәтердің 8770-і пайдалануға берілген. «Құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Бүгінгі күні жеке құрылыс салушылар банктердің қарауына субсидияланған қарыз алу үшін құны 57,2 млрд теңгені құрайтын 35 жоба енгізді. Оның ішінде  23,9 млрд теңгенің 18 жобасы субсидияланатын болды. Жалпы, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 152 млрд теңге сомасында құрылыс салушыларға субсидияланған кредит беру және 2018-2019 жылдары 600 мың ш.м тұрғын үйдің құрылысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр», - деді Мархабат Жайымбетов.
«Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы қазір өңірлерде екінші деңгейдегі 5 банк халыққа жаңа тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген ипотека беруді жүргізіп жатыр. Бүгінде банктер 7,9 млрд теңгенің 797 өтінішін қабылдады. Оның ішінде 747өтініш мақұлданып,7,4 млрд теңгенің келісімі жасалған. 2017 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 99 мың пәтер берілген.

Похожие материалы