Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Нұрлы жол" жол-көлік жобаларына 2,4 трлн теңге жұмсалмақ

"Нұрлы жол" бағдарламасының аясында жол-көлік саласына 2, 4 трлн теңге бөлінеді. Бұл жөнінде ҚР инвестициялар және даму министрлігінің басшысы Әсет Исекешов орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтып өтті.

Республика бюджетінен жобаға 400 млрд теңге, ұлттық қордан 900 млрд теңге бөлінетін болады. Ал қалған қаражат халықаралық қаржы институттары - Жаһандық банк, Еуропа жаңғырту және даму банкі, Азфиялық даму банктерінің қарыздары есебінен шығуы тиіс.

2015 жылы жобаларды жүзеге асыру үшін 400 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінетін болады.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай, орталық-оңтүстік, орталық-шығыс, орталық-батыс және дәліздерді қайта жаңғырту жобалары жалғасатын болады. Көлік индустриалды бағдарламалар бойынша шамамен 170 мың жұмыс орындары сақталып, жаңадан құрылады. Тек жолдың өзіне Отандық 50 кәсіпорын 40 млн куб қиыршық тас пен 2 млн куб битум жабдықтайтын болады"», - деп атап өтті Ә. Исекешов.

Одан өзге, осы жылы министрлік тұңғыш инвестициялық Үлкен Алматы айналма жолы жобасын жүзеге асыру жұмыстарын жүргізетін болады.

«Байқау ашық түрде өтеді. Бүгінде 60 халықаралық және аймақтық компаниялар қатысуға қызығушылық танытып отыр. Ағымдағы жылы шешім қабылданып, 2016 жылы құрылысты бастап кетеміз деп үміттенеміз», - деді мекеме басшысы.

Ақпарат көзі: kapital.kz

Похожие материалы