Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нұрсұлтан Назарбаев айтқан 7 өзекті мәселе

Нұрсұлтан Назарбаев айтқан 7 өзекті мәселе

13 желтоқсан күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен қазақстандық журналистер бейресми сұхбат өткізді. Сұхбат барысында мемлекет басшысы 2015 жылдың басты оқиғаларына тоқталды.

Ресей мен Түркияның келіссөз өткізуі - ең дұрыс шешім

Н.Назарбаев сұхбат барысыныда Ресей мен Түркия Президенттерінің келіссөз жүргізуі дағдарыстан шығудың оңтайлы жолы екенін атап өтті.

Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынас 24 қарашада түрік әуе күштері Ресейлік СУ-24 бомбалаушысын түрік-сирия шекарасында атып түсіргеннен кейін қиындаған болатын. РФ Президенті Владимир Путин мұны террористер тарапынан болған "соққы" деді. РФ басшысы осы оқиғаға байланысты Түркияға қарсы санкция қабылдады.

«Ресейге қатысты болып жатқан оқиғалардың бізге де әсері бар. Біздің алаңдаушылығымызды туындатып отыр. Ресей бізбен тек көрші мемлекет ғана емес, одақтасымыз. Біз ЕАЭО-да біргеміз", - деді Н.Назарбаев журналистерге берген бейресми сұхбатында.

«Бұл мәселе ешкімге пайда алып келмейді. Бұдан шығу амалдарын қарау керек. Екі ел арасында келіссөздер жүргізілгені жөн. Бұл екі елдің және Қазақстанның қызығушылығын тудырып отыр"», — деді Президент.

ЕАЭО елдері арасында бірыңғай валюта енгізу күн тәртібінде тұрған жоқ «Біз Ресей рубліне тәуелдіміз. Себебі олар біздің сауда серіктесіміз. Ал ЕАЭО-ға келер болсақ, бұл туралы 1990 жылдан бері айтылып келеді. Кеңес Одағы құлағаннан кейін біздің жағдайымыз қиын болды. Жалақы төлеу үшін ақша болмады. Тіпті теңге де әлі шығарылмаған болатын. Сол кездерде ортақ валюта болғаны рас. Ал қазір бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Ешнәрседен қорқудың қажеті жоқ», — деді Н. Назарбаев. Айта кетейік, Ресей Думасының ТМД істері, еуразиялық ықпалдастық және отандастармен байланыс жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий «Бірінші арнаның» «Познер» бағдарламасында ЕАЭО елдері арасында бірыңғай валюта енгізілетіні және оның эвраз деп аталуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Қазақстан экономиканы қолдау мақсатында нарықтық емес қадамдарға бармайды

ҚР Президенті долларсыздану саясатын жүзеге асыру кезінде нарықтық емес шараларды қабылдамайтынын атап өтті. Яғни шетел валюталарын мемлекеттен шығару ісіне тыйым салынбайды.

«Дағдарыс кезінде түрлі шаралар қабылданады. Мысалы 1998-1999 жылдары Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде дағдарысқа байланысты шетел валюталарын мемлекттен шығаруға тыйым салынды. Барлық экспортшыларды валюталарды елде ұстауға мәжбүрледі. Менің айтатыным - біз олай істемейміз. Шетел валютасын елде ұстап тұруға мәжбүрлемейміз. Бұл Қазақстанның қаржы саясатына және нарықтық экономикаға қарсы шара болып табылады», - деді ол.

Президент долларсыздандыру "ішкі мәселе" екенін атап өтті. «Бұл мәселені Ұлттық банк реттейді", - деді ол.

Президент Үкімет құрамын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ

ҚР Президенті 2015 жылғы кезектен тыс президент сайлауынан кейін өзгерген Үкімет құрамын қайта өзгерту мәселесін қозғаудың қажеті жоқ екенін айтты.

«Кадрлық өзгерістер үнемі болып отырады. Бұрынғы үкімет құрамына келетін болсақ, әрбір тағайындалған адамның категориялары бар. Кадрлық тағайынаулар халықты да қатты қызықтырады. Өзімнің өмірдегі жинақтаған тәжірибем бойынша айтқым келетіні - сабақтастық болу керек»,- деп жауап берді  Н.Назарбаев үкіметтегі кадрлық тағайындаулар бойынша қойылған сұраққа.

Ол қазіргі кезде үкіметте жұмыс істеп жатқан министрлердің көпшілігі жастар екенін атап өтті.

«Әзірге Үкіметті толық өзгерту туралы мәселе жоқ. Өйткені мен дәл қазіргі үкімет мүшелеріне дағдарысқа қарсы шараларды дайындауды тапсырдым. Индустрияландыру бағдарламасы, "Нұрлы жол", "100 нақты қадам" индустрияландыру рефомасы осы үкімет мүшелерінің қатысуымен жасалды. Сондықтан мен осы бағдарламаларды жүзеге асыруды қазіргі уақыттағы министрлерге тапсырамын. Егер жобалардың жүзеге асыруылуы кезінде жетіспеушіліктер болып жатса өзгертуге тура келеді. Бірақ қазіргі министрлердің көбі жастар. Үлкендері де бар. Бәрінің тәжірибесі жеткілікті. Бәрі бірігіп жұмыс істейді. Оның үстіне Үкімет осы жылғы сайлаудан кейін қайта құрылды»,- деді Н.Назарбаев.

Президент қазақстандықтарды мүлікті заңдастыруға қатысуға шақырды

«Шығындар мен кірістер ашық түрде болады. 2017 жылдан бастап салық толық төлену үшін кірістер мен шығындары ашық көрстеуді талап етеміз. Бұдан бұрын біз заңдастыру мәселесін шешуіміз керек. Адамдар мүліктерін  немесе шетелдегі мүлкін заңдастыру үшін 10 пайыз төлейді. Осыған байланысты Қазақстанда жекешелендіру өткізіп жатырмыз. Қазақстандықтар жекешелендіру арқылы қаржы алып келіп, үлкен кәсіпорынардың, өндіріс орындарының иесі атанғаны жөн. Әлемдегі басқа адамдар сияқты өмір сүру керек», — деді Н. Назарбаев.

«Әрине кейбірі "егер мүлікті елге алып келсем жағдайым қалай болады" деп ойлайды. Ондай нәрсе болмау керек. Мен отандастарымыздың тыныш өмір сүргенін, кәсіпкерердің жекешелендіруге қатысу арқылы мүмкіндікті пайдаланғанын және еліміздің бай болғанын қалаймын», — деп атап өтті ол.

«Осы себепті мен мүлік пен жеке капиталдды заңдстыруға шақырамын. Осы арқылы мемлекет бай болуға мүмкіндік береді. Мен онсызда мемлекеттегі ауқаттылардың қалай бай болғанын бес саусағымдай білемін», — деді Президент.

Қазақстандықтар жемқорлықпен күрес үшін бірігу керек

«Мемлекеттегі шенеуніктердің бизнесте рұқсат беру бойынша айналысатын жұмыстары өте көп. Осыдан соң адамдар жер сатып алуда рұқсатпен келеді. Бірақ әуре-сарсаңға салынғаннан кейін ақша беру керек деп ойлайды. Сосын береді", - деді ол.

«Біз бұл туралы айтқан кезде мен үнемі адамдардан ақшаны не үшін беретіндерін сұраймын. Адамдар көріп тұрып ақпарат бермейді. Қорқады деуге болады. Осыдан соң біз бүркеншек атпен хабарлауға келісім жасадық. Бұл мәселемен халқымыз толық айналыспай, біз нәтижеге жете алмаймыз. Мәдениет деген бар. Жемқорлықты 100% жеңген ел жоқ. Бірақ оң нәтижелерге жеткен мемлекттер бар ғой. Біз жемқорлықпен күресте жаман қадам жасап отырған жоқпыз. Біртіндеп алға жылжып келеміз», — деді ол.

Сондай-ақ, Президент "Жемқорлықпен күрес туралы" заңға қол қойғанын атап өтті.

"Байқоңыр" ғарыш айлағы жабылмайды

Президент Ресейде «Восточный» ғарыш айлағы құрылғаннан кейін мемлекеттегі "Байқоңыр" жабылмайтынын айтты.

«Егер "Байқоңыр" болмаса Ресеймен Ресеймен адал қарым-қатынас орнамас еді. Отандық ғарышкерлер ғарышқа ұша алмас еді. Сондай-ақ, Қазақстанның космосқа ұшатын ракеталарды жібере алмайды. Бізде ғарыш айлағын тұтыну мен жаңа кадрлар дайындау мүмкіндігі жоқ. Бірақ біз осы бағытта жұмыс істей береміз. "Восточный" құрылысы бойынша келіссөздер болып жатыр. Бұған біздің еш қарсылығымыз жоқ. Аталған ғарыш айлағының ашылуы "Байқоңыр" жабылады деген сөз емес.Ресеймен бірігіп жұмыс істеуді жалғастыра береміз», — деді Н.Назарбаев.

Бұдан бұрын РФ елшісі Михаил Бочарников РИА Новостиге берген сұхбатында Ресей "Восточный" ғарыш айлағының салынуына қарамастн Қзақстандағы "Байқоңырды" пайдалануды жалғастыра беретіндігі туралы айтқан болатын.

Похожие материалы