Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Challenge Другой ты" спорттық акциясына қолдау көрсетіп, қазақстандықтарға бейнеүндеу жоладады.
Бұл бастаманың мақсаты – еліміздің тұрғындары арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау.
Акция аясында отандық танымал спортшылардың, еліміздің мәдениет және масс-медиа өкілдерінің қатысуымен ашық жаттығулар өткізу жоспарланып отыр. Осылайша, олар қазақстандықтарды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға ынталандыратын болады.