Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нұрсұлтан Назарбаев: ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстан экономикасын дамытуға мультипликативтік тұрғыдан оң әсер етті

Нұрсұлтан Назарбаев: ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстан экономикасын дамытуға мультипликативтік тұрғыдан оң әсер етті

Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz — ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің жабылу салтанатында президент көрменің Қазақстан экономикасын дамытуға мультипликативтік тұрғыдан оң әсер еткенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Шағын және орта бизнестегі 1400-ден астам кәсіпорын құны 640 миллиард теңге болатын тауарды жеткізуге және қызмет көрсетуге тапсырыс алды. Туристік сектор жандана түсті. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты. Астанада кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 пайыздан аса көбейді. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті. Қазақстанның астанасы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды", – деді президент.

Мемлекет басшысы «Болашақтың энергиясы» аясында озық идеялар мен технологиялардың дамуына түрткі болған және әлемде ғылымның өзара ықпалдастығын нығайтуға септігін тигізген көрменің бірқатар жағымды аспектілеріне тоқталды.

"ЭКСПО бүкіл әлемнің интеллектуалдық және технологиялық әлеуетін көрсетуге зор мүмкіндік берді. Мұнда жаңартылатын энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсынылды", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ЭКСПО аясында қазіргі заманғы энергетикалық саясаттың басымдықтарыжөнінде жаһандық диалог ұйымдастырылғаны және энергетика мен экология саласындағы заманауи проблемаларды шешуге арналған ұсынымдар әзірленгені туралы айтылды.

"ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы біздің ел «жасыл» технологияларды дамыту идеясына берік екенін тағы да дәлелдей түсті. Жалпы, біздің көрме «таза энергетиканы» жаһандық деңгейде дамытуға айрықша үлес қосатынына сенімдімін", – деді президент.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы