Экономика
Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр қызметіне Кәрім Мәсімовтың кандидатурасын ұсынды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министрлікке Кәрім Мәсімовтың кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы Ақорданың твиттер-аккаунты хабарлады.
Глава государства предложил кандидатуру К.Масимова на должность Премьер-Министра страны.
— Пресс-служба Акорды (@AkordaPress) 29 апреля 2015
Парламент Мәжілісінің фракцияларымен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев ел алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында үкіметке жұмысын жалғастыру керек деп айтты.
Президент үкімет пен парламент жұмысының бір жерден шығуының маңыздылығына да тоқталып өтті.
Кәрім Мәсімов 2014 жылдың 2 сәуірінен бері ел үкімет басқарып келеді.
Бұған дейін Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы» және «Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері туралы» үш жарлыққа қол қойып, үкіметті, Астана және Алматы қалалары мен облыс әкімдерін отставкаға жіберген болатын.