Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz - Мемлекет басшысы Кемерово қаласының сауда және ойын-сауық орталығындағы өрт салдарынан көп адамның қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақ екенімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта. 25 науырзда Ресейдің Кемерово қаласындағы "Зимняя вишня" аты сауда орталығында өрт шығып, 64 адам қаза тапты. Қаза тапқандар арасында балалар да бар.

Похожие материалы