Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кеңес Рақышев Казкомдағы ролін күшейтіп жатыр

Кеңес Рақышев Казкомдағы ролін күшейтіп жатыр

"Казкоммерцбанк" АҚ-ның ірі акционері Нұржан Сұбханбердин Кеңес Рақышевқа Казкоммерцбанктың БТА-мен интеграциясы аясында қарапайым акцияларының жартысын сатты деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

"Екі банк акционерлерінің отырысында бекітілген ККБ мен БТА интеграциясын іске асыру барысында Нұржан Сұбханбердин оған тиесілі Казкомның қарапайым акцияларының жартысын 57 544 959 бірлік (жалпы жарияланған қарапайым акциялардың 7,22%-ы ) көлемінде банктің ірі акционері Кеңес Рақышевке сатты",- делінген таратылған хабарламада. Келісім-шарт нәтижесінде ККБ-ның ірі акционерлері айқындалды:  Alnair Capital Holding - 223 млн 922 мың 790 бірлік (28,08%), "Орта Азия инвестициялық компания" АҚ – 185 млн 561 мың 734 бірлік (23,27%), Кеңес Рақышев – 185 млн 322 мың 663 бірлік (23,24%), Нұржан Сұбханбердин - 91 млн 121 мың 42 бірлік (11,42%), "Самрук-Казына"мемлекеттік қоры – 85 млн 517 мың 241 бірлік(10,72%), миноритарилер - 26 млн 61 мың 757 бірлік (3,27%). Айта кетейік, 2014 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша, Казкоммерцбанк Қазақстанның 38 банкінің арасында актив көлемі жөнінен 1 орынға шықты.  

Похожие материалы