Алматы. 10 қазан. 7kun.kz - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық өндірістік бірлестігінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша 2016 жылы 7 қысқаметражды көркем фильм өндірілді. Кеше Алматыдағы "Chaplin Mega Park" кинотеатрында солардың бірі Алдияр Байракимовтың "На грани" қысқаметражды фильмінің көрсетілімі өтті.
[caption id="attachment_77808" align="alignright" width="183"] На грани[/caption]"Жас Дидар - 2015" киноконкурсының жеңімпаздары жас жұбайлар Алдияр Байракимов пен Венера Қайыржанова алғашқы жұмыс атауы "Гоп-стоп" болған қысқаметражды фильмді 2016 жылдың 13-21 желтоқсан аралығында Алматыда түсірді.
"Фильмнің сценарийінің негізі мен 1-курста оқып жүргенде, 2010 жылы жазылған. Ол кезде оны іске асыруға мүмкіндік болмағандықтан, сценарий идея болып қалды. 2016 жылдың басында "Қазақфильмде" "Дебюттер" байқауы жарияланған кезде, біз Венерамен өз портфолиомызды апарған едік, олардың ішінде сценарийге келетін тек "Гоп-стоп" болып шықты. Қарашаның соңында бізге бұл жоба іске асыралытыны туралы хабарлады", - дейді Алдияр Байракимов.
Сценарийдің соңғы үлгісіне өз үлесін Венера Қайыржанова мен Болат Ысқақов қосты. Нәтижесінде шығармашылық трио әр түрлі әлеуметтік ортадағы 2 бала туралы баяндайды.
Сценарий авторлары: Алдияр Байракимов, Венера Қайыржанова, Болат Ысқақов Қоюшы оператор: Владислав Зажерило Қоюшы суретші: Джалалитдин Ибрагимов Продюсері: Нина Лаврик Басты рөлдерде: Алишер Абуов, Шарифбек Закиров, Оңдасын Бесікбасов
«Қазақфильм» киностудиясында 1959 жылдан бастап қысқаметражды кино түсіру тәжірибесі енгізілген. Кейіннен «Дебют» шығармашылық өндірістік бірлестігі болып ашылған. Кеңес үкіметі кезінде бірлестік жылына 2-3 фильм шығарса, қазіргі кезде республикалық бюджеттен 5-6 фильмге дейін өндіріліп жатыр.
Бірлестіктің басты мақсаты жас кинематографистерді сценарий жазудан бастап пост-продакшнге дейінгі өндіріс үрдісімен таныстыру.