Экономика
Наурызбай ауданында сел жүрді
Алматы қаласының Наурызбай ауданында сел жүрді. Бұл туралы СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасы хабарлады.
Сел Жандосов-Яссауи, Дружба, Ақжар ауылдары аумағында болған. Қазіргі кезде сел болған аумақты полиция қоршап, ҚР ІІМ ТЖК мамандары, ІІМ жеке құрамы жұмыс істеуде. Сондай-ақ ІІМ ішкі әскерлері де дабыл бойынша көтерілген.
Сел жүрді деген ақпарат тұрғындар арасында дүрлігіс тудыруда. Қалада көлік кептелісі көбейген.