Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назарбаев 26-бап туралы: Біз бәрібір мұны қайта талқылаймыз

Назарбаев 26-бап туралы: Біз бәрібір мұны қайта талқылаймыз

Астана. 3 наурыз. 7kun.kz — Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламенттің қос палатасымен бірлесе өтіп жатқан жиында Конститутцияның 26-бабы не себепті өзгеріссіз қалатынын түсіндіріп берді.

«Айта кетейін, жалпыхалықтық талқылауда ұсыныстарымыздың көбі қолдау тапты, 26-бапты да көбі қолдады. Бірақ басқа қарама-қарсы көзқарастар да болды. Әсіресе, жекеменшікке қатысты алуан ойлар айтылды. Кейбіреулер жекешелендіру тек жерге қатысты мәселе деп қабылдады, сондықтан заңды қабылдар кезде жер реформасына қатысты сауалдар туындады. Бұл мәселеге келгенде ой бір жерден шыққан жөн. Кез келген саяси шешім халықты біріктіріп, оның келісімін нығайту үшін қабылданатынын ескеріп, 26-баптың ескі нұсқасында өзгеріссіз қалдырамыз», — деп шештік.

ПРЕЗИДЕНТ БҰЛ БАПҚА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР КЕЙІН ҚАЙТА ТАЛҚЫЛАНАТЫНЫН АЙТТЫ.

«Біз халыққа жекеменшіктің нақты жерге қатысты емес екенін айтып, түсіндіруіміз керек. Адамның баспана, жер, жылжымалы я жылжымайтын мүлек секілді жекеменшіктері болады. Жекеменшік деген түсінікке бәрі кіреді. Мұны заң қауымдастықтарының бәрі қолдады, себебі бұл елге инвестиция түсімдерінің көлемін арттырады. Бірақ бізге асығудың қажеті жоқ, мәселенің ортақ бір шешімі болуы керек. Түсіндіру керек. Біз бұл сұраққа қайта ораламыз, себебі иесі жоқ жер – ешкімнің жері емес. Ол өзінің өнім өсіре алу қабілетінен айырылады, бір күні біз «иесіз жатқан жер жетім» сөзінің мәнін түсінуіміз керек», — деді Назарбаев.

Похожие материалы