Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев америкалық саясаткерлерге қандай сағаттар сыйлағаны туралы PROTENGE Telegram арнасы хабарлады.
«Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев құны 9 995 доллар тұратын Blancpain сағатын АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Джон Ордвейге сыйға тартты. Қымбат сағатты Америка хаттамасының бас кеңсесі Астанадағы елшіліктен дипломатиялық пошта арқылы алды. Біз бұл туралы білеміз, өйткені АҚШ-та шенеуніктер мен президент шетелдік сыйлықтарды, тіпті олардың бағасы 5 доллар болса да, жариялап, мемлекеттік мұрағатқа тапсыруы керек, әйтпесе сыйлық пара болып саналады. Егер қандай да бір зат ұнаса, американдықтардың оны сатып алу мүмкіндігі бар, бірақ олар мұны өте сирек жасайды... », – делінген хабарламада.
Мұндай тәжірибе біздің елде қолданылмайтыны аптап өтілді.
«Небәрі 20 жыл ішінде біз АҚШ-қа 101 995 доллар немесе 45 миллион теңгеден асатын сыйлықтар сыйладық. Қазақстаннан ең қымбат сыйлықты Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ вице-президенті Дик Чейниге 2006 жылдың мамырында 25 300 доллар тұратын Breguet сағатын сыйлады. Ол кезде Дик Чейни Қазақстанға жұмыс сапарымен келген еді. Жоғары лауазымды шенеунік энергетика мәселелерін талқылап, Ресейді айналып өтетін Каспий теңізінің түбімен газ құбырын тарту туралы айтуы керек еді. Бірақ бәрімізге белгілі, іс келіссөздерден арыға бармады», – делінген хабарламада.