Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назарбаев: Барлық шаралар Қазақстан экономикасын дамыту үшін жүзеге асырылуға тиіс

Назарбаев: Барлық шаралар Қазақстан экономикасын дамыту үшін жүзеге асырылуға тиіс
Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті қабылдап, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру барысында стратегиялық жоспарлау мен болжам жасаудың маңыздылығын талқыға салды деп жазады премьер-министрдің баспасөз қызметі.  «Барлық шаралар Қазақстан экономикасын дамыту үшін жүзеге асырылуға тиіс. Мемлекеттік бағдарламалардың, соның ішінде «Бес әлеуметтік бастаманың» іске асырылу барысын зерттеу қажет. Ұлттық экономика министрлігі орталық және өңірлік деңгейдегі барлық мемлекеттік органдардың қадамдарын айқындауы керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Тимур Сүлейменов Қазақстан президентіне 2018 жылдың бірінші тоқсанында қол жеткізілген экономикалық даму нәтижелері және Қазақстан экономикасына жалпы әлемдік үдерістердің тигізіп отырған әсері жөнінде баяндады. Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді, соның ішінде Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әрі қарай іске асыру жөнінде айтты.

Похожие материалы