Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назарбаев: Бізге трансұлттық компанияларды тарту керек

Назарбаев: Бізге трансұлттық компанияларды тарту керек

Қарағанды. 14 наурыз. 7kun.kz - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының активімен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент кеңесте облыстық мәслихаттың депутаттары кандидатурасын мақұлдаған өңірдің жаңа әкімі Ерлан Қошановты таныстырды.

Назарбаев  бірқатар өзекті міндеттерді орындау қажеттігін айтып, облыс тұрғындарын елдің экономикалық жаңғыруына белсене атсалысуға шақырды.

"Инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай туғызу керек. Қазақстан Дүниежүзілік банк рейтингінің "Бизнес жүргізу жеңілдігі" критерийі бойынша 35-орынды иеленіп отыр. Бұл - жақсы көрсеткіш, алайда бізге ең әуелі өңірлердегі жұмысты жалғастыру қажет. Біз бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша облыстардың арнаулы рейтингін жасап, жыл сайын индустрияландыру күні табыс етілетін атаулы сыйлық тағайындаймыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге, ол елдің бәсекеге қабілетті экспорттық кәсіпорындарға негізделген индустрияландыруды жалғастыруға тиіс екенін айтты.

«Тауар жеткізу, қызмет көрсету және оларды тұтыну жөнінен жаһандық жүйеден орнымызды табуымыз қажет. Бұл мақсатқа трансұлттық компанияларды тарту арқылы қол жеткізе аламыз", - деді  президент.

Похожие материалы