Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назарбаев Мәсімов туралы: «Иса Пайғамбардың өзі қасында сатқын Иуданың отырғанын білмеді»

Назарбаев Мәсімов туралы: «Иса Пайғамбардың өзі қасында сатқын Иуданың отырғанын білмеді»

Астана. 20 қараша. 7kun.kz – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» театрында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ол дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрағына жауап берді. Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты пікір білдірді. Тұңғыш президент бұл мәселенің өзіне де қызық екенін айтып, тергеу мен соттың аяқталуын күтіп отырғанын атап өтті.

«Мұның себебі неде және оның артында кім тұрғаны, өте қиын... Мәсімов көп жылдар бойы менімен бірге жұмыс істеді, бірақ Иса Пайғамбардың өзі қасында сатқын Иуданың отырғаның білмеді ғой. Біз Құдай емеспіз. Сондықтан, соттың аяқталуын күтеміз бәріміз, менің ойымша, шындықтың беті ашылады», – деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев сайлауда кімге дауыс бергені туралы да айтты.

«Қазір халқымызға бірлік керек, тәуелсіздік бар, мемлекет құрылды, менің бастамамен астанамыз салынды. Бірақ әлі де жұмыс көп. Ол үшін халықтың бірлігі керек, барлығы бір президенттің маңайында топтасуы керек. Ол Қазақстан халқы үшін маңызды, біздің адамдар оны түсінеді деп ойлаймын», – деді ол.

Похожие материалы