Экономиканы жетілдіру жөніндегі ұлттық комиссияның жанында халықаралық консультациялық кеңес жұмыс істейді, оның құрамында беделді қазақстандық және шетелдік сарапшылар болады. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада сәрсенбі күні өткен ұлықтау рәсімінде хабарлады.
"Бұл үздік халықаралық тәжірибенің пайдаланылуына септігін тигізеді. Комиссияның бірінші отырысында мен ұлт жоспарын, келешектегі мемлекет құрылысының 100 нақты қадамын таныстырамын, бұл жоспар бес реформа бойынша не істегелі жатқанымызды түсіндіретін болады", - деп мәлімдеді Н.Назарбаев.
Ол "осы жүз қадам - ауқымды ішкі сынақтарға деген жауабымыз және жаңа тарихи жағдайларда 30 дамыған елдер қатарына кірудің жоспары" екенін атап өтті.
"Реформаларды жүзеге асыру - нөмірі бірінші жалпыұлттық міндет. Алдымызда алып мақсат тұр - біздің мемлекетіміздің кемесін батпайтын қылу, сол себепті алдағы жылдардың міндеті - Қазақстанды нығайту, және дүниежүзілік дауылдарға қарамастан 30 дамыған елдің қатарына қосылу", - деді Президент.
Сондай-ақ Н.Назарбаевтың халықаралық стратегиялық серіктестік туралы айтқан сөздерін мына жерден оқи аласыз.