Нұрсұлтан Назарбаев 2015-2019 жылдарға бағытталған "Нұрлы жол" мемлекеттік инфрақұрылымдық бағдарламасын бекітті.
Үкіметке бір ай ішінде іс-шаралардың жоспарын жасап, бекіту тапсырылды. Ал, орталық және жергілікті атқарушы ұйымдарға, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелерге осы бағдарламаны жүзеге асыру шараларын жасауға тапсырма берілді.
"Нұрлы жолдың" басты міндеті: "сәулелік" принцип бойынша тиімді көлік-логистикалық инфрақұрылым жасау; индустриалды және туристік инфрақұрылымды дамыту; бірыңғай электр энергия жүйесі аясында энергетикалық инфрақұрылымды бекіту; тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық пен жылу, су құбырлары жүйесін модернизациялау (қалпына келтіру жұмыстары және құрылыс; азаматтарға баспаның қолжетімділігін арттыру; білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту.
Қазіргі экономикалық ахуалды ескере отырып, өңдеу өнеркәсібінің жекелеген секторларын, аграрлық-өнеркәсіптік кешендерді, экспорттаушыларды қолдауға байланысты антикризистік шаралар мен ішкі нарықты қорғау және геологиялық барлауды жандандыру шаралары қарастырылған.
Бағдарлама жүзеге асқан соң 2020 жылы нәтижесі мынадай болмақ: ЖІӨ 15,7 пайызға артады; 395,5 мың жұмыс орны ашылады; Бүкіләлемдік экономикалық форумда "базалық инфрақұрылым сапасы" көрсеткішінде 57-орынға көтеріледі.