
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірігіп жұмыс істеу туралы мәселені талқылады деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
«Ресей экономикасындағы уақытша қиындықтарға байланысты екі ел басшылары өзара сауда туралы қазіргі мәселелерді талқылады», - делінген дүйсенбі күні таратылған хабарламада.
Сонымен бірге, баспасөз хабарламасында осыған байланысты екі ел үкіметіне қолайлы шешімдер қабылдау туралы тапсырма берілді деп атап