Алматы. 24 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда тәуелсіздің алғалы бері халықтың кедейлік деңгейі 10 есеге қысқарды. Бұл туралы ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің IV кеңесінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Елбасы Қазақстан өз жолын 3 мың пайыздық инфляциядан және дүкендердің бос сөрелерінен бастағанын еске салды.
«Барлық кәсіпорындар тоқтап қалды, жұмыссыздық, зейнетақылар мен жалақыларды төлеуге мүмкіндік болған жоқ. Бірақ біз нарықтық экономиканы нөлден құра отырып, ол кезеңнен өттік. Бүгінгі таңда елдің ЖІӨ 18 есе өсті, экономика Орта Азиядағы ІЖӨ деңгейінен екі есе жоғары. Халықтың табысы долларлық мәнде 9 есе өсті, кедейлік деңгейі 10 есеге қысқарды – 40%-дан 4%-ға дейін", - деді Назарбаев.
Сондай-ақ, бірінші президент Қазақстан 20 жыл ішінде аймақтағы осы көрсеткіш бойынша бірінші орынға ие болып, 320 млрд доллар тікелей шетелдік инвестицияларды тартқанын атап өтті.