Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назарбаев сайлауда ресми түрде жеңіске жетті

Назарбаев сайлауда ресми түрде жеңіске жетті

Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев 97,75 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы. Бұл жөнінде мәжілісте ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді.

"Сайлауға дауыс берушілердің 95,21 пайызы қатысқан. Сайлаушылардың дауыстары мынадай нәтижеге ие болды: Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлына 57 718 дауыс, немесе 0,64 пайыз, Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлына - 8 миллион 833 мың 250 немесе 97,75 пайыз, Сыздықов Тұрғын Ысқақұлына - 145 765 дауыс немесе 1,61 пайыз. Облыстар, Алматы және Астана қалаларынан келіп түскен мәліметтерді негізге ала отырып, Орталық сайлау комиссиясы президент ретінде Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы тағайындалады деген қаулы шығарды", - дейді Тұрғанқұлов.

Қазақстанда сайлау 26 сәуір күні таңғы сағат 7-ден кешкі сағат 8-ге дейінгі аралықта өтті. Осы күні жергілікті уақыт 21.00-де Орталық сайлау комиссиясы бөлімшелердің жабылатындығын хабарлады.

Похожие материалы