Астана. 20 қаңтар. 7kun.kz – Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының бұрынғы директоры Александр Аксютицтің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Оның айтуынша, экс-перзиденттің жүрегіне операция жасалуы мүмкін.
Алайда Нұрсұлтан Назарбаевтың істер басқармасы Orda.kz басылымына берген жауабында тұңғыш президенттің ауруханаға жатқызылмағанын хабарлады.
Ал тележүргізуші Динара Сатжан өз ақпарат көздеріне сілтеме жасап, бұл жүрекке жоспарланған операция екенін айтты. Тұңғыш президенттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, дейді ол.
ҚР ПІБ Медициналық орталығында бұл мәселе бойынша ақпарат жоқ.