
Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz – ҚР Үкіметі тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияның атауын өзгертті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Тиісті қаулы республиканың нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылды.
Стипендияның жаңа атауы – «мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия».
Ол құрметті атақтармен және мемлекеттік наградалармен марапатталған шығармашылық және мәдениет қызметкерлеріне, сондай-ақ ерекше дарынды жас шығармашылық қызметкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету үшін жыл сайын тағайындалады.