Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назарбаев: Теңгенің құнсыздануына ешқандай негіз жоқ

Назарбаев: Теңгенің құнсыздануына ешқандай негіз жоқ

Астана. 14 қыркүйек. 7kun.kz — Теңгенің құнсыздануына ешқандай негіз жоқ. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

Кейбір сарапшылар 2017 жылдың қазан-қарашада теңге құнсызданады деген пікірде. Алайда президент дәл қазір теңгенің құнсыздануына ешқандай негіз жоқ, бұл болжам ғана екенін айтты.

Президент сонымен қатар еркін өзгермелі айырбастау бағамы саясаты туралы да айтып өтті.

"Теңгенің еркін бағамы дұрыс. Егер оны бір бағамда ұстап тұрса, онда мемлекеттің ақшасын жұмсауға тура келеді. Бүкіл әлемде осылай. Біз соған үйреніп жатырмыз", - деді.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы