Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назарбаев үкіметті шешім қабылдауда жалтақ деді

Назарбаев үкіметті шешім қабылдауда жалтақ деді

Астана. 30 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев министрлер кабинетін елде банкроттық институтын енгізу туралы шешім қабылдауға қорықты деп айыптады.

«Экономиканы банкроттықтан тазартпай, қалыпты дами алмаймыз.Бұл үкіметтің де, банктердің де үнемі шатыстыратыны. Кімге несие беру керек? Біз неден қорқамыз? Банкроттық институты нарықтық елдерде кең таралған құбылыс. Сендер министр емес, бар болғаны қорқақсыңдар. Аяқ-қолдарың дірілдеп, шешім қабылдай алмайсыздар?», - деді Н.Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Сонда не үшін жұмыс істеп жүрсіңдер? Барлық банктерді тазартыңдар, сонда мен бұл үкімет өз міндетін адал орындады деп санаймын, сосын осымен отставкаға кетіңдер», - деп ашуланды президент.

«Бәріміз бірдеңе жасап жүргендей қол сілтейміз, бірақ нақты жұмыс жоқ. Премьер-министр жеке бақылауына алсын. Бұл мәселені шешсін. Мен "кетіңдер" деп жай айттым. Ешқайда кетпеңдер, жұмыстарыңды істеп, баяндаңдар», - деп түйіндеді Назарбаев.

Похожие материалы