Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назарбаев Қызылорда облысындағы жұмыс сапарын қорытындылады

Назарбаев Қызылорда облысындағы жұмыс сапарын қорытындылады

Қызылорда. 20 қазан. 7kun.kz - Елбасы Қызылорда облысына жұмыс сапарының қорытындысы жөнінде БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Бұл туралы ҚР Президентінің ресми сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанның барлық өңірлері сияқты Қызылорда облысы да өсіп-өркендеп жатқанына тоқталды.

"Өңірде мемлекеттік бағдарламалар табысты жүзеге асырылуда. Индустрияландыру аясында облыста бүкіл Қазақстанды өніммен қамтамасыз ететін әйнек зауыты салынатын болады. Қызылорда облысының аумағымен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік жолы, сондай-ақ еліміздің негізгі теміржол желісі өтеді. Қаланың ажары көркейіп, саябақтары көбейді, Сырдың сол жағалауына шығатын көпір құрылысы жүргізілуде. Тұрғын үйлер, балабақша, мектеп, аурухана және жолдар салынуда. Мемлекет халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін барлық жағдайды жасап жатыр", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы елдің әл-ауқатының артуы, өңірдің гүлденуі тікелей еңбекпен байланысты екенін айтты. Осы орайда, тұзды жерде орман өсіріп жатқан азаматтардың еңбегі елеулі екенін де атап өтті.

Елбасы сондай-ақ биыл күрішті рекордтық көлемде жинаған диқандарды да құттықтады.

Похожие материалы