Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назарбаевтың жекешелендіру жұмысына көңілі толмайды

Назарбаевтың жекешелендіру жұмысына көңілі толмайды

Астана. 3 ақпан. 7kun.kz - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" қорының басшысы Өмірзақ Шөкеевтен жекешелендірудің үшінші кезеңінде шетелдіктердің қызығуышылығы неге аз екенін сұрады.

«Жекешелендіруге қатысып жатқан нысандардың бірде-біріне шетелдіктердің қызығушылығы жоқ. Барлық инвесторлар өзіміздікі. Әрине, баға төмен, біраз ақша салып сатып алуға болады. Ал нысанды сатып алған адам өндіріс орнында не істейді? Біз оны білмейміз. Жекешелендіруде бірдебір трансұлттық компания, не шетелдік инвестор жоқ.  Неге? Енді оларды қайтадан өзіміз сатып аламыз ба, Өмірзақ?», – деді Президент Өмірзақ Шөкеевке.

«Келуі мүмкін дейтін ешкім жоқ. Жекешелендіруге қойылған өндіріс орындарының ең көп үлесі саған тиесілі. Отыр, біз мұны қазір талқыламаймыз", - деді Президент.

Похожие материалы