Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назарбаев ЕАЭО-ға қатысты айтылған сындарға жауап берді

Назарбаев ЕАЭО-ға қатысты айтылған сындарға жауап берді

Астана. 14 шілде. 7kun.kz - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ құруға қатысты айтылған сынға жауап берді. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.

Астанада ҚР ҰҚК-ның құрылуына 25 жыл толуына орай өткен жиында Нұрсұлтан Назарбаев интеграциялық процестер дамуы мен ТМД елдерінің өзара қарым-қатынасының нығаюына қатысты мәселе қозғады.

"Әлемде сақталып қалған терең қайшылықтар халықаралық қауымдастыққа түгелдей сын болып отыр. Оның ішінде Қазақстанға да. Жаһандық проблемаларды жемісті трансшекаралық әріптестік аясында ғана шешуге болады. Қазақстан-экономикалық ықпалдастық пен әрекеттестікке бағытталған интеграциялық процестердің дамуын жүйелі жақтаушысы. Мен ертеректе болған адамгершілік, мәдени қарым-қатынастарды сақтауды қолдадым. Сондықтан ТМД-ны нығайтуды ұсындым", - деді Президент салтанатты шараға қатысушылардың алдында.

"Алайда қалағанымыздай бола қоймады. Сосын әрқилы жылдамдықтағы интеграцияны ұсындым, ол бойынша қалағандар тығыз болады да, қалғандары ассоциатив түрде байланысады. Соныдқтан Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Осыған байланысты қаншама сын естідік: империя құрылады, бірігеді деді. Олай емес! Бұл таза экономикалық бірлестік, барлық елдің мүддесі үшін пайда болды. Әрине, одақ дағдарыс кезінде пайда болды. Көріп отырғанымыздай, биыл Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің арасында сауда 30-40 пайызға өсіп жатыр. Одақты әлеуетті деп есептеймін және тіршілік етіп жатқан ұйым, 40-қа жуық мемлекет әріптестік орнатқысы келетіні және ассоциация құрғысы келетіні де тегін емес", - деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Похожие материалы