Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өндірістік орынды жалға беру бағасы 0,8 пайызға өсті

Өндірістік орынды жалға беру бағасы 0,8 пайызға өсті

Алматы. 31 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың І жартыжылдығында коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы 0,8 пайызға өсті. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.

2017 жылдың қаңтар-маусымында өндірістік жайларды жалға беру бағасы 0,8 пайызға өсті. Ал мейрамханалар мен қоғамдық тамақтандыру пунктерін жалға беру 1,2 пайызға арзандады.

2017 жылдың маусымында бағаның ең көп өсімі дәріханаларды және өнеркәсіптік базаларды жалға беруде байқалды (1,2%). Асханаларды жалға берудегі өсім 0,9 пайыз болды. Ал мейрамханалар мен химиялық тазалау және кір жуатын орындардың жалға беру құны 1,7 және 1,5 пайызға арзандады.

Похожие материалы