Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өндірушілер күріш бағасын 8% арзандатты

Өндірушілер күріш бағасын 8% арзандатты

Алматы. 2 шілде. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-маусымында өндіруші кәсіпорындар бағасы 8,1%-ға жоғарылады. Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде - 11,5%, өңдеу өнеркәсібінде 4,2%-ға жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнім - 8,4%, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер 5,3%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Baq.kz.

Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы дизель отынына - 18,4%, мұнайға - 13,2%, мазутқа - 8%, табиғи газға - 4,3%, металл кендеріне - 3,5%, көмірге 3,4%-ға жоғарылады, бензинге 1,3%-ға төмендеді.

Бағаның ферроқорытпаларға - 15,7%, қара металдар илегіне - 10,1%, алюминийге 8,7%-ға жоғарылауы, олардың мырышқа - 5,2%, қорғасынға 2%-ға төмендеуі тіркелді.

Өндірушілер бағасының күрішке - 8%, қантқа - 4,2%-ға, өсімдік майына және шайға - 2,9%-дан, қара бидай ұнына - 1,9%, балыққа - 1,1%, мал етіне - 0,6%, нанға 0,5%-ға жоғарылауы, олардың бидай ұнына - 5,1%, жармаларға – 3,4%, макарон өнімдеріне - 1,9%, құс етіне - 1,8%, сүт өнімдеріне 0,4%-ға төмендеуі байқалды.

Похожие материалы