Алматы. 2 шілде. 7kun.kz – Өнеркәсіптік өнімдерге өндіруші кәсіпорындардың бағасы ағымдағы жылғы алты айда 4%-ға жоғарылады, - деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде - 6,3%, өңдеу өнеркәсібінде 2,9% жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнімдер 4,5% қымбаттады, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтер 0,2% арзандады.
Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы металл кендеріне - 9,9%, көмірге - 9,4%, сұйытылған пропан және бутанға - 7,3%, мұнайға - 6,5%, дизель отынына - 2,8%, табиғи газға - 2,2 % жоғарылады, олардың бензинге - 11,8%, мазутқа 0,5% төмендеді.
Бағаның асыл металдарға - 7,8%, мырышқа - 4%, ферроқорытпаларға - 3,8%, қара металдар илегіне - 2,8%, мысқа 0,6% жоғарылауы, олардың қорғасынға - 3,7%, алюминийге 3,6% төмендеуі тіркелді.
Өндірушілер бағасының қара бидай ұнына - 20%, бидай ұнына - 13,5%, күрішке - 16,5%, жармаларға - 10,6%, макарон өнімдеріне - 9%, мал етіне - 5,3%, нанға - 5,2%, шайға - 3,2%, өсімдік майына және сүт өнімдеріне - 2,5%, балыққа 2,1% жоғарылауы, олардың құс етіне - 3,2%, қантқа 0,3% төмендеуі байқалды.