Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіптік өнімдерге өндіруші кәсіпорындардың бағасы 2,4%-ға жоғарылады, - деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде - 3,2%, өңдеу өнеркәсібінде 3%-ға жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнімдер 2,7%-ға қымбаттады, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтер 0,1%-ға арзандады.
Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы көмірге - 10,7%, сұйытылған пропан және бутанға - 7,6%, металл кендеріне - 5,4%, мұнайға - 3%, табиғи газға - 2,4%, дизель отынына 1,5%-ға жоғарылады, олардың бензинге - 11,5%, мазутқа 2,9%-ға төмендеді.
Бағаның асыл металдарға - 8,5%, қорғасынға - 8,3%, мырышқа - 8,2%, мысқа - 6,1%, ферроқорытпаларға 0,6%-ға жоғарылауы, олардың қара металдар илегіне - 0,8%, алюминийге 0,2%-ға төмендеуі тіркелді.
Өндірушілер бағасының қара бидай ұнына - 19,9%, бидай ұнына - 11,9%, күрішке - 13,3%, жармаларға - 10,7%, макарон өнімдеріне - 9,7%, мал етіне - 5%, нанға - 3,5%, шайға - 2,6%, өсімдік майына - 2,5%, сүт өнімдеріне - 2,2%, балыққа 1,9%-ға жоғарылауы, олардың құс етіне 0,5%-ға төмендеуі байқалды.