Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Неміс инженерлері роботқа сыра әкеліп беруді үйретті

Неміс инженерлері роботқа сыра әкеліп беруді үйретті

Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz — Роботтар жыл сайын емес, күн сайын дамып жатыр. Робот жасайтын әр компания роботтарға адам істей алатын әрекеттерді үйретіп жатқандығы белгілі.

Алдында Boston Dynamics роботтарының бір-біріне көмектесіп, адамға қарсы әрекет жасай алуын үйренгені хабарланған болатын. Бұл жолы немістің Кобленц-Ландау Университетінің инженерлер тобы TIAGo роботына адам айтқанын істеп, сыра әкеліп беруді үйреткен.

Робот өз бетінше тоңазытқыш орналасқан бөлмеге барып, тоңазытқышты өзі ашып, сыраны алып, қожайынына әкеліп берген.

https://m.youtube.com/watch?v=RAC07ojKt6s

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы