Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Непалды жер сілкісінен кейін қалпына келтіру үшін 10 млрд доллар қажет

Непалды жер сілкісінен кейін қалпына келтіру үшін 10 млрд доллар қажет

Непалдың қаржы министрі Рам С. Махат апатты жер сілкінісінен кейінгі елді қалпына келтіру көлемін 10 млрд доллар деп бағалады. Оның пікірінше, апат салдарын жою үшін бірнеше жылдар қажет болады деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Махаттың сөзінше, қайтыс болғандардың саны 4 мың 300 адамнан асты, енді тіпті 6 мыңға дейін жетуі мүмкін. Мемлекетті қалпына келтіру үшін қажет қаржы Непалдың ЖІӨ-нің жартысын құрайды. Оның атап өтуінше, шығынның нақты сомасын қазір айту мүмкін емес. құтқару және іздестіру жұмыстары аяқталғаннан кейін үкімет халықаралық қауымдастықтан көмек сұрайтын болады.

Непал экономикасының өсімі жер сілкінісіне дейін баяулаған еді. Азиялық даму банкінің болжамынша, 2015 жылы  елдің ЖІӨ жылдық есепте 4,6 пайызға өсуі қажет. 2014 жылғы өсім 5,2 пайыз деп тіркелген. Ал премьер-министр Рам С. Махат жер сілкінісінің экономикалық шығыны туралы айтуға әзірге ертерек дейді.

Непалдың Орталық банкінің бағалауынша, Катманду мен елдің ұлттық экономикасының үштен бір бөлігі келетін оның айналасындағы аймақтар табиғи апаттан қатты зардап шеккен. Олар ауыл шаруашылығы, ақша айналымдары және туризм арқылы табыс табады.

Похожие материалы