Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz – Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) кредиттік портфелі 2017 жылдың қаңтарында 165 млрд теңгеге қысқарды. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.
Өтімділік бағасының төмендеуіне қарамастан, банктер ел экономикасына несие бермей жатыр. Жыл басынан Қазақстандағы ЕДБ-ның несие протфелі 2,4% немесе 372,1 млрд теңгеге азайды. Ал 2017 жылдың ақпан айының соңында 15,1% млрд теңгені құрады.
Осы жылдың алғашқы айында несие нарығы 207,3 млрд теңгеге қысқарды, қысқару ақпан айында жалғасын тапты (тағы 164,8 млрд теңге).
2016 жылдың қаңтар-ақпанында несие портфелі немесе 66,3 млрд теңгеге өскен болатын. Қаңтарда 364,6 млрд теңгеге көтеріліп, ал ақпанда оның көлемі 298,3 млрд теңгеге азайып, 15,6 трлн теңгені құрады.
Бір жылдық мерзімді алып қарағанда, (2016 жылдың ақпаны мен 2017 жылдың ақпаны) қарыз портфелі 3,1 пайызға немесе 481,4 млрд теңгеге азайған.
Естеріңізде болса, 2016 жылдың қарашасында базалық пайыздық мөлшерлеме 12 пайызға қысқарған. Ақпанда бұл 11 пайызға дейін жетті. Осы жылдың ақпанында еліміздегі 33 банктің 11 ғана қарыз портфелін өсіре алған. Оның ішінде алда келе жатқан Kaspi Bank, ол кредиттік портфельді 33,7 млрд теңгеге дейін көтерген.
Екінші орында - Еуразиялық банк. Бұл банк берген қарыз көлемі 25,2 млрд теңгеге өсті. Сонымен бірге, Сити банк кредит көлемін 4,9 млрд теңгеге көбейтіп, кредиттік портфелін көбейте алған екінші деңгейлі банктер арасында 3-орынға жайғасқан.