Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Несиелік рақымшылық 500 мыңға жуық қазақстандыққа әсер етеді – Тоқаев

Несиелік рақымшылық 500 мыңға жуық қазақстандыққа әсер етеді – Тоқаев

Алматы. 26 маусым. 7kun.kz — Тұтыну несиелері бойынша қарыздарды есептен шығару 500 мыңнан астам қазақстандыққа әсер етеді, деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтар түрлі себептерге байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болып, өзіне алған несиелік міндеттемелерге қызмет көрсете алмайтын жағдай қалыптасты. Көптеген азаматтарға қарыздық жүктеме өсуде, олардың нақты табыстары төмендеуде, адамдар несие бойынша борыштармен қалай есептесетінін білмейді. Бұл мәселе 500 мыңға жуық азаматтарымыздың өмірі мен мүдделеріне әсер етеді", - деді Президент сәрсенбі күні БАҚ қызметкерлеріне сыйлықтар мен гранттар тапсыру рәсімінде.

"Бүгін мен мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қолдаудың теңдессіз шараларын қарастыратын жарлыққа қол қойдым... Маған азаматтардың кепілсіз тұтынушылық несиелерді төлеуге көмектесуге көптеген өтініштері келіп түсуде... Мемлекет ЕДБ мен микроқаржы ұйымдарында жалпы көлемі 300 мың теңгеге дейінгі негізгі қарызды және ол бойынша есептелген сыйақыны өтейді", - деп атап өтті Президент.

Қ.Тоқаевтың айтуынша, қарыз алушылардың 55% - дан астамы үшін, яғни 250 мың адам үшін бұл негізгі қарыз бен сыйақыны қоса алғанда, жалпы қарыз мөлшерін толық төлеуді білдіреді.

"Қалған қарыз алушыларға келетін болсақ, олардың 300 мың теңге көлеміндегі қарызының бір бөлігі өтелетін болады, бұл оларға елеулі қолдау болады", - деп толықтырды Мемлекет басшысы.

Бұған дейін хабарланғандай, Тоқаев сәрсенбі күні банктерде кепілсіз тұтынушылық қарыздары бар елдің аз қамтылған азаматтарына 1 шілдедегі жағдай бойынша айыппұл мен өсімпұлды бір жолғы тәртіппен алып тастайтын Жарлыққа қол қойды.

Аталған қарыздар бойынша борышкерлер көп балалы отбасылар, асыраушысынан айырылуына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан, бала жасынан мүгедектер бар отбасылар,  атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар, ата-анасынан  кәмелеттік жасқа дейін айрылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар болып табылады.

Бұл ретте қарыз бойынша жалпы берешек 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 млн теңгеден аспауы тиіс.

2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борыш пен ол бойынша есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешектің мөлшері бір қарыз алушыға 300 мың теңгеден аспайды.

Похожие материалы