Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Несиемді төлей алмаймын, не істесем болады?

Несиемді төлей алмаймын, не істесем болады?

СҰРАҚ:

Мен банктен алған кредиттің келісім-шартын жəне алған телефонды ұрлап кеткен еді, не істеуге болады? Жұмыстан да шығарып тастады. Тырығыққа тірелдім. ҰҚҚ-ның қызметкерлері «туысқандардың дүние мүлкін тəркілейміз» дейді. «Сотқа береміз, соттың 25%, банк %-ын қосып төлейсіз» деген. Жанарбек Рамазан

ЖАУАП:
Жанарбек, қайырлы күн! Келісім-шарттың түпнұсқасы банкте бар. Оны кез-келген уақытта банк бөлімшесіне барып, өтініш жазып алсаңыз болады. Ол кредитіңізді қайтармауға себеп семес. Біздің түсінуімізше несиеге алған телефоныңыз жоғалтып алғансыз. Ұялы телефоныңыздың жоғалуы да кредитті қайтармауға себеп емес. Ол жоғалса да кредитіңіз қалады. Оны төлеу керек. Егер жұмыстан шығарып тастап, қазір жұмыссыз болсаңыз сізге кредит берген банкке барып, (жұмыссыз екеніңізді дәлелдейтін құжаттарды өзіңіз тіркелген жердегі Жұмыспен қамту орталығынан анықтама, жұмыстан шыққаныңыз туралы бұйрық көшірмесін ала барыңыз) уақытша төлем қабілетіңіздің азайғаны, несие бойынша жеңілдік жасау туралы өтініш жазыңыз. Банк шарт аясында, сіздің жағдайыңызды саралап шешім қабылдайды. Өтініш жазылған соң, несиені қайтармасам болады немесе жеңілдік жасайды деп түбегейлі ойламаңыз. Жеңілдік жасалуы да, жасалмауы да мүмкін. Проблемалық несиемен ҰҚҚ айналыспайды. Сізге банктен немесе коллекторлық компаниядан ғана хабарласуы мүмкін. Туыстарыңыздың дүние мүлкін ешкім тәркілей алмайды. Өйткені банк шартты Сізбен жасасты. Туыстарыңыз үшінші тарап. Егер сотқа берген жағдайда сот шешімімен сот шығынын, банктің қарызын қайтарып алуға сотқа беруші тараптың құқығы бар. Сізге дәл қазіргі кезде өзіңіз кредит алған банкке барып, қарызыңыз бойынша қанша берешегіңіз барын анықтап, төлем жасамаған кезден бергі статусын анықтаңыз. Қарыз әлі банкте ме? Әлде коллекторлық компанияға берілді ме? Егер банкте болса банкпен, коллекторлық компанияда болса коллекторлық компанияға барып, өтініш жазып, несиеңізді қайтару бойынша жеңілдік сұраңыз. Әрине, одан кейін ең бастысы қарыздарыңызды қайтаруға мүмкіндік болу үшін жұмыс іздеңіз. Банктен қашпаңыз. Керісінше барып, өтініш жазып, мәселені шешуге тырысыңыз. Қосымша мына мақаланы оқуды ұсынамыз. https://7kun.kz/bankten-ashpa-yz/

Похожие материалы